Томирис Байсафаның анасы тағы да мәлімдеме жасады

Мәскеу университетінің биіктіген құлап өлген Томирис Байсафаның ісін тергейтін тергеуші қайтадан алмастырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Томирис Байсафаның анасы тағы да мәлімдеме жасады

Аталған істі тергеу барысында осымен қосқанда тергеуші төртінші рет ауысып отыр. Осыған орай Томиристің анасы Жанна Ахметова істі тергеушілер қасақана созып отырғанына сенімді.

«Осыған дейін 3 тергеуші ауыстырылды. Істі жүргізудің өзі өте жай жүріп жатыр. Қызымның достары енді ғана сұралуда. Менің қалайтыным тек әділдіктің орнатылғаны. Томиристің өліміне кінәлі болғандар табылып, тиісті жазаларын өтесе деймін», – дейді Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова.

Атап айтсақ, Жаннаның өзінен де куәлік қазір ғана алынып жатыр. Ол Мәскеуден келгені осы және оның айтуынша, жүргізіліп жатқан істе айтарлық өзгеріс пен ілгеріліс жоқ. Ал жуырда ғана ауыстырылған үшінші тергеушіні төртіншісі алмастырды. Осы себептерге байланысты іс жай жүргізіліп, сараптама нәтижелері де уақытылы дайын болмай жатқан көрінеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр