Томирис Байсафаның анасы қызымен бірге жүрген достардың сатқындығы жайлы айтты

Мәскеуде жоғары қабаттан құлап қаза болған Томирис Байсафаның анасы Жанна Ахметова қызын еске алып, оның достары жайлы айтты.

serikjan bilashuly123

«Адамдардың екі түрі болады. Нағыз адамдар мен адам еместер болады. Олар жаман деген сөз емес. Бұл олардың емес, тәрбие көрмегенінің белгісі шығар. Бірінші айтқан адамдар сізге қиын екенін жанымен түсінетін жандар. Олар сол үшін де дос.

Ал надандар адамды өлтіргеннен де жамандар, олар сатқындар. Олар адам өмірде жоқ болса, бәрін жасауға болады деп ойлайды. Жалған құжат жасап, жала жауып, сөзінен айнып, дос емеспіз деп өтірік айтатындар. Сіздер мүмкін жаман адам емес шығасыздар, өмір сондай шығар. Нағыз досты ешкім алмастыра алмайды. Тиын үшін жанын да сатпайды», – деп жазды Жанна Ахметова парақшасында.

Анасы Томиристің суретін жариялап, «ол жалғыз өзі ғана осылай киініп, осылай күле алатын» деп жазды.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
15.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар