Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Толық тексеріп алыңыз: Бұдан былай елімізде ақауы бар телефондар сатушыға қайтарылмайды

Ұялы телефон сатып алсаңыз, дүкеннен кетпей толық тексеріп алыңыз. Қасыңызға смартфонның тілін білетін адамды ертіп алсаңыз тіпті жақсы. Заңға енгізілген жаңа өзгеріске сәйкес енді сізде құрылғыны қайтып өткізу құқығы жоқ. 

Толық тексеріп алыңыз: Бұдан былай елімізде ақауы бар телефондар сатушыға қайтарылмайды

Ең қызығы тұтынушылар құқығын қорғайтын ұйымдар мұндай норманың қаралғанынан бейхабар болып шықты. Ал азаматтар болса әлеуметтік желіде жаппай наразылықтарын білдіруде. Бұл туралы Евразия бірінші арнасы хабарлайды.    

Сатып алған ұялы телефонның моделі, функциялары, жалпы ұнамай қалса 14 күннің ішінде дүкенге апарып өткізуге болады деген өзгеріс алынып тасталды. Бірақ бұл норманың енгізілуінің өзі зор күдік туғызады деп жатқандар бар. 

"Лоббисттер барлығын сатып алған! Ешкімнен қорықпайтын болыпты. Өздерінің түп мақсаттарын жасырмайды да. Азаматтардың құқығын екінің бірі бұзады. Біресе әуе тасымалымен айналысатындар, енді міне сатушылар. Заң шығарғандар неге халықпен ақылдаспайды? Бұл 100 пайыз жемқорлықтың ізі байқалатын норма. Енді Қазақстанға әртүрлі жарамсыз қоқысты әкеле беруге болады!", - деді қоғам белсендісі Мұрат Әбенов.

Аталған заң нормасы жайында ақпарат желіге жариялана салысымен қоғамдық дау туғызғаны анық. Азаматтардың кейбірі тіптен құлақтар болмай шықты. Қала тұрғындары бұл жайлы не дер екен?

-Сіз бұл туралы естіген жоқсыз ба?

-Естімедім.

-Қалай ойлайсыз қаншалықты бұл азаматтардың құқығын шектеп жатыр?

-14 күн ұзақтау, 7 күн жеткілікті. Заң керек деп ойлаймын.

Бір қырынан қарасақ дұрыс шығар осы заңның енгізілуі. Себебі адам тауар алар алдында ойланады. Екінші жағынан қарастырсақ, ол құқықтың бұзулы деп қарастырсақ та болады. 

Тұтынушылар құқығын қорғаумен айналысатын қоғамдық ұйымдар бұл заң нормасының ақылдаспай, талқыланбай қабылданып кеткенін ұқпай қалыпты. Тұрсын Жағыпарова "ойымды қаз-қалпында жеткізсеңіздер", - деп сұрады.  

"Сіздер мұны кесіп тастамай қалдырыңыздар. Бұл кінә депутаттардан мәжілісте отырған, бұл кінә Әділет министрлігінде. Әр заңның өзінің құрушысы болады. Осы өзгерісті неге енгізді? Не себепті енгізді? Қалай болу керек? Сол кезде бізді қосып талқыласа, заң мұндай түрде болмаушы еді?", - деді тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары Тұрсын Жағыпарова. 

Заңға өзгеріс енгізілгені жайында кейбір кәсіпкерлер де білмейтін болып шықты. Егер ақауы бар смартфон сатылып кетсе, тұтынушының мәселесіне бей-жай қарамаймыз деген пікірде. 

"Жаңа телефонды сатамыз. Бірақ егер фирменный ішінен брак, жөнді болмай қалса сот кезде өзіміз аламыз қайтадан. Алып ауыстырып береміз. Егер зауттық кемшілігі болса иә? Онда клиенттерге жеңілдік жасап ауыстырып береміз. Негізі жаңа заң бойынша ауыстыруға болмайды жаңа телефондарды", - деді кәсіпкер Нұржамал Жамашева. 

Қоғамдық бірлестік өкілінің тағы бір айтқан маңызды мәлімдемесі мынау. Елордаға әкелінетін көптеген техниканың сапасы сын көтермейді екен. Кейбір сауда орталықтарының жұмыс істеу принципі тіптен талапқа сай келмейді деп отыр.  

"Бүгінгі күні Қазақстандағы тұтынушылардың мүлде құқығы жоқ. Мен оны ашық айтамын. Неге десеңіз бүгінгі күні контрафактілі, фальсификатталған тауарлар өте көп. Біз елордада отырып тұтынушының құқығы тапталып жатыр. Ал аймақтағы тұтынушылардың жағдайы қалай? Сондықтан заңды қатал қылу керек. Заңда сатушыға деген жауапкершілік жоғары болуы керек!", - деді Тұрсын Жағыпарова. 

Таразының екі басы тең болуы керек деген талап орынды. Бұл заң жобасы әуел баста Парламенттің төменгі палатасында қарастырылған. Кейін бірауыздан қабылданып, Сенатқа жөнелтіліп, соңында Президент қол қойды. Бір қызығы, аталған заң жобасын мақұлдаған кей депутаттар бұл норма жайында не ұмытып қалған не білмейді.

"Неге? Қазір сондай норма қаралып жатыр ғой. Оны біз енді талқылаған жоқпыз ондай норманы. Бізге ондай заң келіп түссе мәжіліске, біз енді талқылаймыз ғой. Жастармен жұмыс істеп келе жатырмыз. Ұялы телефонсыз тағы болмайды дегендей", - деді мәжіліс депутаты Майра Айсина.

Талқылай алмайсыз депутат ханым. Заң БАҚ беттерінде жарияланып, күшіне енді. Ал, клиенттер енді телефон алар алдында ойланып барып таңдау жасауы керек. Бірақ мына нәрсені естен шығармаған жөн. Егер смартфоныңыз істемейтін болып шықса, яғни техикалық ақауы бар екенін байқасаңыз онда сатушыға қайта өткізе аласыз не жөндеп беруді талап етуге толық құқығыңыз бар.

Талқылау