Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқтар Төлешовке қатысты өтіп жатқан сот отырысы уақытша тоқтатылды

Шымкентте «сыра королі» атышулы Тоқтар Төлешов пен өзге де сегіз айыпталушыға қатысты өтіп жатқан сот отырысы уақытша тоқтатылды. Нақтырақ айтқанда, аты-шулы сот процесі келесі айға шегерілді.

c1a30bc3342af16d95d9d7ee682

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Оған Төлешовпен бірге айыпталып отырған салық басқармасының бұрынғы қызметкері Мадияр Мұсаевтың қорғаушысы Асан Бердібековтің қайтыс болуы себеп болған. Осыған орай бұрынғы мемлекеттік қызметкерді қорғауға өзге адвокат шақырылыпты. Бірнеше томнан тұратын істен хабарсыз қорғаушы судьядан танысу үшін уақыт сұраған. Атышулы істің кезекті отырысы 4 қыркүйекке белгіленген.

Айта кетейік, лаңкестік төңкеріс жасамақ болды деген айыппен 21 жылға сотталған экс-кәсіпкер Тоқтар Төлешовке бұл жолы «қарамағындағы адамдармен және салық органы қызметкерлерімен ымыраласа отырып, мемлекетке миллиардтаған теңге шығын келтірді, табысын жасырумен қатар, ірі көлемдегі салық төлемдерден жалтарған» – деген айыптар тағылып отыр. «Шымкент сыра» серіктестігін басқару кезінде Төлешов компания есеп-шотынан 4 миллиардтан астам қаржы алып, оны қайтармағаны айтылған.

Тағы да оқыңыз:

Банкрот: Зейнетақы қоры миллиардттап қаржы құйған шетел компаниялары шетінен жабылып жатыр

Дін министрлігі: Елімізде қысқа балақ пен ұзын сақалға тыйым салынбайды

Маңғыстау облысында үшем дүниеге келді

Талқылау