Тоқтар Серіков жұбайы мен ұлын перзентханадан шығарып алды
Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт пен ұлын перзентханадан шығарып алды. Қуанышты күннің фотолары әлеуметтік желіде жарияланды, деп жазады Stan.kz.

Таяу күндері төртінші мәрте ұлды болған Серіков бұл күні жұбайының құшағын гүлге толтырды. Бейбіт Сейдуалиеваны перзентханадан шығаруға әншінің өнердегі досы Мақсат Базарбаев келген. Ол Instagram желісінде пост жариялап, ұлды болған әріптестеріне жылы лебізін білдірді.

Айтпақшы, Тоқтардың анасы сәбиге Шаһнұр деп есім берген. Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында жазды. Ол төрт ұл сыйлаған жарына алғыс айтып, оларды бағып-қағуға жететіндей денсаулық тіледі.
Айта кетейік, Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева 16 қараша күні төртінші мәрте ұлды болды. Дәл осы күні Серіков 43 жасқа толған еді.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге