Тоқтар Серіков: Тыңдаушының құлағы арзандаған заман болды

Сәрсенбі, 20 Қыркүйек , 2017 11:07

Тоқтар Серіков жастардың танымал болу үшін түрлі әрекетке барып, жалаңаштанғандарын қаламайтынын айтты. Десе де, өз заманында танылудың оңай болғанын жасырмайды. Мұнымен қатар, әнші тыңдаушының құлағының арзандап кеткенін айтып ренжіді.

21433951_114719642550801_2868330648060297216_n

Сурет: Тоқтар мен Бейбіттің жеке парақшасынан

Бұл туралы Zhuldyz TV арнасының “Сенбілік серуен” бағдарламасында айтылды.

“Меніңше, халыққа танылу бұрын әлдеқайда оңай болған сияқты. Ол кезде тыңдаушы шын баға беретін. Барлығы халықтың 3-4 минут тоқтамай соққан шапалағынан белгілі болатын. Осыдан сенің болашағыңның тағдыры шешіліп қоятын. Қазір радиодан тыңдап отырып көбінің дауысын ажырата алмаймын. Бір-бірлеріне қатты ұқсайды. Көп дауыс Қайраттікіне, Мейрамбектікіне ұқсайды. Ал қыздардікін ажырата алмаймын. Біз шыққан тұста Мейрамбек, мен, Саят, Досымжан бар. Қыздардан Ақбота, Алтынайлар бар. Ол заманда керемет тыңдаушы болған. Қазіргі тыңдаушылардан қорқамын. Бір болмайтын әнді хит деп бағалайды. Ән өмірлік емес. Таңертең бір ән, кешке бір ән жазады композиторлар.

Барлығы қазір жылдам жүзеге асады. Қазіргі әндердің ғұмыры жоқ. Әншілер соны орындап тұрған кезде білсе екен. Бес-алты нотаның айналасында шыр көбелек айналып бір ән шығады. Ол әнге терлеп билеп, сальто жасап жүреді. Мен осы нәрсеге таң қаламын. Біздің ауылда бір ақсақал бар еді. Өзі қисықтау сөйлейтін. Сол кісі “Шәмшінің әнін бұрын бір ғана адам айтатын еді дәмін кіргізіп. Қазір 4-5 адам жабылып әрең айтып жүр” дейді. Шын мәнінде, мұның астарында мағына бар.

Жастарымыз бір композитордың әнін жабылып әрең айтып жүр. Осыған мен өкпелімін. Мен өмірден өтіп кетсем де, артымда қалсыншы деген ниетпен ән жазамыз. Бірақ, ол әндердің тыңдаушысы жоқ. Тыңдаушының құлағы арзандап кетті. Әрине, мүлдем жоқ деп те айта алмаймын. Арасында бар. Олар – біздің замандастарымыз, аталарымыз бен әжелеріміз. Сол себепті, қазіргі шығып жатқан бауырларымызға өте қиын. Үлкен қаражатты қажет ететін заман.

Еріксіз жарнамаға тыржалаңаш та түсіп жатыр. Үйіп-төгіп ақшаны салып жатқанның да себебі осы. Әйтеуір, бірдеңе болып танылайын деп, жанталасып дуэт айтып жатқан заман. Алланың жолында жүрмін ғой. Алғаш сахнаға шыққан кезде “Мен танылып, жұлдыз болып кетейін” деген ой болмапты. Әніміз ұнаса екен деп жүрген кезде халық бізді танып алды. Сол еңбектің жемісін бүгін көріп, рахат ғұмыр кешіп жүрміз. Ал қазір бір баланы жаныма алып келсем, “Аға, мен қашан жұлдыз боламын?” дейді. Мен “Алла-ау, алдымен, мына табалдырықты сүрінбей аттап алсаңшы” деп қоямын”, – дейді Тоқтар Серіков.


Жіберіп алмаңыз:

Сүйіктісімен айырылысқан Ақбота енді өзін толықтай шығармашылыққа арнамақ

Айгүл Иманбаева: Бұрынғы ата-енеме әлі күнге дейін “шымкентше” сәлем саламын

Үйленгенін жасырып келген танымал әнші әке атанды

KeshYou тобының құрамы тағы да өзгерді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар