Тоқтар Серіков Мейрамбектің кешінде бидің түбін түсірді (видео)
Нағыз дос қуанышта сенімен бірге қуанады, ал жалған дос қызғанады! Расында адамның шынайы ниеті, тілектестігі оның қуаныштағы әрекетінен байқалады. Сәкен Майғазиев айтпақшы, тойға барған соң сынап-мінемей, қуанышқа шын ортақтаса білу керек, деп жазады Stan.kz.
Мейрамбек Бесбаевтың жеке кешінде бір үйдің баласындай көмек көрсеткен әріптес-достарының әрекеті жұртты сүйсіндірмей қоймады. Концерт аяқталған соң, иықтарынан жүк түскен Тоқтар Серіков, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуов сынды өнер майталмандары ән айтып, би биледі. Досқа деген ақ адал тілектерін осылай жеткізді.
Досымжан мен Саяттың билемейтінін ел жақсы біледі. Есесіне Тоқтар Серіков құлын тайдай тебісіп бірге өскен досының тойында барын салды. Ендеше тамашалай отырыңыз!
Жіберіп алмаңыз:
Абай Бегей: Алматыда қиналып жүргенде әйелім ақша салып жіберетін
Тамара Асар: Қазақтың ұлттық киімін Димаш арқылы әлемге таныту керек
Сәкен Майғазиев: Бала күнімнен Мейрамбекті тыңдап өстім, әлі де жанкүйерімін
Қайрат Нұртас: Мейрамбектей ағамызды Алланың сыйға бергеніне қуанамын