Тоқтар мен Бейбіттің тұңғышы дүниеге егіздер келетінін бірнеше жыл бұрын айтқан

Сәрсенбі, 27 Шілде , 2016 13:01

Тоқтар мен Бейбіт ағымдағы жылдың сәуір айында егіз ұлдарының тұсауын кестіріп, қуаныштарын дүркіретіп атап өткен болатын. Әншілер егіздерін үлкен ұлдары Беколжастың ерекше жақсы көретінін айтып берді. Тіпті Беколжас отбасында егіз баланың дүниеге келетінін бірнеше жыл бұрын айтқан.

13525514_1725721797689731_806187029_n

Фото: instagram.com/toktar_beibyt/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше Тоқтар мен Бейбіт “Бүгін жексенбі” бағдарламасында қонақта болды. Аталған бағдарламады соңғы жаңалықтарын бөлісіп, өмірлеріндегі ерекше сәттері туралы айтып берді. Солардың бірі – үлкен ұлдары Беколжастың егіз інілерінің дүниеге келетінін алдын ала болжауы екен.

Алдымен, Бейбіт бала тәрбиесі туралы айтып өтті. Әншінің айтуынша, қайын сіңілдері мен інілері үнемі көмектесіп отырады екен. Мұнымен қатар, сәбилерге қарайтын үй күтушілері де бар екен.

“Шынымды айтсам, өмірімде ешқашан егіз бала дүниеге алып келемін деп ойламаппын. Барлығы күтпеген жерден болды. Үй шаруасымен айналысып, бала тәрбиелеп, сахнада ән салуымды Жаратқанның баға жетпес сыйы деп білемін. Алла “Пысық әйелдің бір қолын, жалқау әйелдің екі қолын байлаймын” дейді екен ғой.

Құдайға шүкір, қасымда қайын сіңілдерім мен інілерім бар. Кішкене балапандарыма қарайтын күтушілерім де бар. Сондықтан бала тәрбиесінде еш қиналып жатқаным жоқ. Адамның пейілі мен ниеті дұрыс болса, Жаратқан соған сай нығметін де аямайды екен”, – дейді Бейбіт Сейдауалиева.

0

Журналистің “Беколжас інілерін қалай қабылдады? Қызғанған жоқ па?” деген сұрағына әнші тұңғыштарының ерекше бала екенін айтып жауап берді. Ал Тоқтар Серіков осыдан бірнеше жыл бұрын болған оқиғаны еске алды.

“Беколжастың төрт жасында балабақша тәрбиеші өздері қалаған суреттерін салуға тапсырма беріпті. Әркім өзіне лайығын салған көрінеді. Сонда ұлымыз біздің отбасымыздың суретін салыпты. Артынша суретті үйге алып келді. Суретте мен, Бейбіт, өзі және екі ұл бала тұр. Маған мұрт-сақалды келістіріп салып қойыпты. Өзінің арманы шығар.

Қисық-қисық болса да, ерекше сурет болды. Сонда әлгі суреттегі кейіпкерлерді таныстырып отырып “Әке, мынау сіз, ал мынау анашым. Мына тұрған мен, ал бұл екеуі менің болашақ егіз інілерім” дейді. Яғни бұл оның тілеуімен, сұрауымен дүниеге келген балалар. Сондықтан оларды бізден гөрі қатты жақсы көреді десем артық айтпаймын”, – дейді Тоқтар Серіков.

Бүгінде Бейбіт Сейдуалиева бала тәрбиесімен айналысса, Тоқтар Серіков бірнеше кәсіпті қолға алған.


Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар Серіков: Мен ашынып айтып қойдым, өнерден ешқашан кетпейміз

Тоқтар мен Бейбіт егіздерінің тұсауын бас муфтиге кестірді (фото)

Тоқтар мен Бейбіт әріптестеріне бола өнерден кетпек

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар