Тоқтар мен Бейбіттің төртінші сәбиі дүниеге келді
Халықтың сүйікті жұлдызды жұбы Тоқтар мен Бейбіттің шаңырағында үлкен қуаныш. Танымал отбасы дәл бүгін тағы бір жанмен толықты. Бейбіт жары Тоқтарға төртінші атұстарды сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: Instagram/Анна Данченко
Қуанышты хабарды ақын Ринат Зайытовтың жары Зүлфия Тұрсынқызы жеткізді.
“Кішкентай батырдың бауы берік болсын! Әкесінен асқан ұл боп өссің!” – деп жазды ол желіде.
Бейбіт Сейдуалиева үйдегі отағасына дәл туған күнінде осындай сый жасады. Иә, бүгін, 16 қараша күні Тоқтар Серіков 43 жасқа толды.
Айта кетейік, Тоқтар мен Бейбіттің тұңғышы Беколжас бүгінде 5-сыныпқа барады. Сондай-ақ, жұлдызды жұптың егіз ұлдары Әлинұр мен Сағинұр 2015 жылы дүниеге келген. Бұған дейін сайтымыздың тілшісіне сұхбат берген Серіков жұбайы үшін алаңдап жүргенін айтқан еді. Сондай-ақ, Тоқтар ұлдарының жетістігі жайлы әңгімелеген болатын.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады