Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқал болуды кәсіп еткен астаналық қыз: Мен ғана емес, құрбыларым да шенеуніктердің тоқалы болып жүр

Астанадағы шенді-шекпенділерге тоқал болуға асыққан арулар еліміздің түкпір-түкпірінен қоныс аударуда. Жеңіл ақша табуды көздеген бойжеткендер бай-бағлан азаматтарды да аңдып, танысудың түрлі амалын жасауда.

Тіпті, ғаламторға емін-еркін ашық хабарлама қалдырып, бір күндік ақысын да жазып қойған. Өз тәнін саудалауға тайынбайтын қаракөздер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Астана – тоқалдардың қаласы»! Құлаққа түрпідей естілетін осы сөзді жиі естейтініміз рас. Тіпті, қазір оған таң қалмаймыз. Себебі, елордаға келген бойжеткендердің арасында жеңіл ақшаны табуды көздейтіндер көп. Ал ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін арулар қашанда сұранысқа ие, дейді қала тұрғындары.

«Сақалды сайтандар будасымен ақшасын көрсетіп, мен саған сыйлық істеймін, әдемі қыз екенсің деп, мен сені анда іліктірем мында іліктірем деп, тағдырының түбіне жетеді ғой» – дейді қала тұрғыны Байдос Өмірбеков.

Расында Елордада ашыналар қаптады ма? Мәселені зерттеу үшін жігіт болып жаңа пошта ашып, көзге оттай басылатын хабарлама жаздық. Көңіл көтеретін тоқал керек, төленетін ақша 300 мың деп жаздық. Арада көп өтпеді, алғашқы хаттар да келе бастады.

« Қайырлы күн! Жасым 24-те. Ұлтым қазақ. Бойым ұзын, дене бітімім де көз тартарлық. Басым бос. Күйбең тіршіліктен шаршадым, маған арқа сүйер азаматтың қамқоры қажет. Ұсынысыңызды қуана қабылдаймын».

Хаттар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Оқысаңыз жаға ұстайсыз. Бәрінің де мағынасы бір – сымбаттымын, жаспын, тоқал, ашына болуға қарсы емеспін! Қыздардың түпкі мақсатын білмек болып, кездесуге бел будық. Мейрамхананы алдын ала жалдап, жасырын камера орнаттық. Қармаққа ілінген бірінші бойжеткен еш ойланбастан қызметін 50 мың теңгеге бағалады. Оның ішіне төсек қатынасы да кіреді.

– 40 ың жете ме?
– Жоқ, жетпейді
– 50 мың ше?
– Жақсы, бастапқыда 50 мың

Айнұр есімді бойжеткен бір баланың анасы. Жасы 28-де. Өзі мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Мұндай қадамға еріккеннен келмедім дейді. Арқа сүйер азаматы алдап кетіпті. Қазір өзі де жанында жүрген құрбылары да қалтасы ақшаға лық толы “ағашкалардың” ашынасы болып жүргенін айтады.

«Мен Астанада тұрамын. Қазір мемлекеттік қызметте жұмыс істеймін. Заңгермін. Бұған дейін менде бір ер азаматпен тұрақты қарым-қатынас болды. Ол ажырасқан, бір баласы бар. Тек дәм-тұзымыз жараспай қалды. Менің жанымдағы құрбыларымда шенеуніктердің тоқалы болып жүр».

Танымал ақын Балғынбек Имашев, бүгінгі күннін тоқалын бұрынғымен салыстыруға мүлдем болмайтынын айтады. Себебі, қазіргі тоқал жезөкшенің қызметін атқарады. Оған ресми түрде әйел болғаннан гөрі, тәнін сату арқылы ақша тапқан маңыздырақ, дейді айтыскер.
«Тоқал деген сөз мағынасын жоғалтып кетті. Тоқал деген қазір тек жаман мағынады. Қазір тоқал десе бүкіл әйел затының төбе шашы тік тұрды. Тоқалды көбісі көңілдес, біреудің күйеуін тартып алатын, болмаса уақытша пайдаланып ақшасын алып кететін сондай жеңіл жүрісті қыздар деп» – дейді айтыскер ақын Балғынбек Имашев.
Тарихшы Жұмамұрат Шәмші, бұрындары тоқалдың мәртебесі болғанын айтады. Қоғамда олардың рөлі әлдеқайда жоғары еді, дейді. Өкіншітісі сол, қазір бәрі өзгерген.
«Некесін қиып, ол 2-ші әйел болып саналған.Ол мәжбүр болған сондай. Өйткені ол кезде тоқалдың мәртбесі де болған. Талай хандарымыз тоқалдан туып ел басқарған. Төрелер, сұлтандар билер болған. Тоқал деген екінші әйел деген сөз» – дейді тарихшы Жұмамұрат Шәмші.

Осылайша, тоқал деген бүгінде жиі айтылатын сөзге айналды. Оған қоса жас қыздарымыз да тоқал болудан кет әрі емес. Ұсыныс бар жерде сұраныстың да болуы осыдан болар.

Тағы да оқыңыз:

Степногорск қаласында Лениннің басына тақия кигізіп, Абайдың ескерткішін жасай салған (видео)

Павлодарда 11 жасар баланы жел ұшырып, өзенге құлатып жіберді

Рианна мен Шакираға ән жазған композитордың Димашқа тарту еткен әнінің клипі шықты (видео)

Талқылау