Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға келді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына келді. Президент сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне арналған жиын өткізбек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сондай-ақ мемлекет басшысы іс-сапары барысында бірқатар инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандарды аралап, мегаполистің жол-көлік жүйесін дамыту бойынша әкімдік жоспарларымен таныспақ.
Айта кетейік, бұған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында мемлекет басшысы 24-25 қаңтар күндері Алматыға іссапармен келетінін хабарлаған еді.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды