Тоқаев жеңіске жетті: ОСК алдын ала қорытындыны жариялады
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Константин Петровтың алдын-ала мәліметтері бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76% дауыс жинады. Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берді.

Фото: Informburo.kz
Әміржан Қосанов 16,02% дауыс жинады, оның ішінде 1 472 733 қазақстандық дауыс берді.
Жамбыл Ахметбеков: 1.82% (167249 дауыс).
Дания Eспаева 5,2% (470 153 дауыс).
Төлеутай Рахымбеков 3.2% (294 271 дауыс).
Амангелді Таспихов 2,07% (190,304 дауыс).
Сәдібек Түгел - 0,92% (84 348 дауыс).
Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, сайлауға қазақстандықтардың 77,4% -ы қатысты.
Тоқаев exit poll мәліметінше, 70,13% дауыс жинаған еді.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған