Тоқаев: Мен Назарбаевтан ақыл сұрауға ұялмаймын
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасуға ұялмайтынын айтты.

Ресейлік арнаға берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан президенті болу қиын емес пе? Әсіресе, Нұрсұлтан Назарбаев секілді көшбасшыдан соң қиындық тудырмай ма?" деген сұраққа жауап берді.
"Қиын, бірақ бастысы - жауапкершілік. Сенің қолыңда мемлекет тағдыры тұрғанын түсінесің. Бұл - ең бастысы. Мұндайда мен Нұрсұлтан Әбішұлымен ақылдаса аламын. Одан кеңес сұрауға ұялмаймын. Қазақтықтың төркіні сонда жатыр деп ойлаймын", - деді Тоқаев.
Айта кетейік, елімізде 9 маусым күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшылығына 7 кандидат таласады.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”