Тоқаев: Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға арнап 40 мың жалдамалы пәтер салынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өз сөзінде президент әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру мақсатында қосымша 2 триллион теңге бөлінетінін айтты.
«Тұңғыш Президент бастамасымен іске қосылған барлық әлеуметтік бағдарламалар толық жүзеге асады және ауқымы кеңейеді. Әлеуметтік саясатты одан әрі тиімді жүзеге асыруға қосымша 2 трлн теңге бөлеміз. Көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады», - дейді Тоқаев.
Алматының жолдарын жөндеуге қанша қаражат жұмсалды: Миллиардтаған теңгені қай компаниялар алып жатыр
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"