Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Қазақстанда митингілер өткізуге рұқсат беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда азаматтарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты.

Тоқаев: Қазақстанда митингілер өткізуге рұқсат беріледі

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қазақстан президентінің сөзінше, елімізде санкцияланған митингілерді өткізуге рұқсат беретін заң қабылданады.

«Әрине, заңсыз жасалған әрекеттердің бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшелерде мұндай митингілер өткізудің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті. Себебі олар қатысқысы келмейтін адамдарға кедергі келтіреді. Сондықтан өз пікірін білдіру үшін шеруге шыққысы келетін адамдарға рұқсат беретін заң қабылданады. Ол бойынша, адамдар тиісті органдарға жүгініп, оларға жиналу және өз пікірін білдіру үшін арнайы орын белгіленеді», - дейді Тоқаев.

Айта кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы митингілерге қатысты пікір білдіріп, адамдардың кедейшіліктен көшеге шыққанын айтқан еді. 

Талқылау