Тоқаев: Ант қабылдау рәсімі 12 маусымда өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдау рәсімі 12 маусымда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Егер ОСК сайлау нәтижесін шығарып үлгерсе, 12 маусымда ұлықтау рәсімін өткізуді жоспарлап отырмыз», - дейді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президентін сайлау кеше, 9-маусымда өткен болатын. Exit-poll нәтижелеріне сәйкес, "Нұр Отан" партиясының атынан ұсынылған Қасым-Жомарт Тоқаев 70% көрсеткішпен жеңіске жетті. Артынша ОСК сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Оның нәтижесі бойынша, Тоқаев 70,76% дауыс жинады. Яғни, оған 6 504 054 қазақстандық дауыс берді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан