Тоқаев АЭС құрылысы туралы: Өз сөзімде тұрамын
Қазақстанның қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президент сайлауының нәтижесіне қатысты баспасөз конференциясында АЭС құрылысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еске сала кетсек, бұған дейін Тоқаев АЭС құрылысына қатысты мәселенің халықпен бірге шешілетінін мәлімдеген еді. Бүгінгі баспасөз конференциясында журналистердің бірі перзиденттен уәдесінде тұратын-тұрмайтынын сұрады.
«АЭС құрылысы туралы айтасыз ба? Әзірге ол жоспарда жоқ. Аталған мәселе күн тәртібінде тұрған жоқ. Егер жоспарға енсе, бұл мәселені халықпен ақылдасып шешеміз. Бұл өте жауапты әрі маңызды мәселе. Мен өз сөзімде тұрамын», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті