Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев: Әділдік – барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі

Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының қоғамдық өкілдерімен кездесуде сот қызметі және заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып өтті. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уали өзінің Facebook парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев: Әділдік – барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі

Тоқаевтың айтуынша, адамдардың қызметтік жайы мен мәртебесі қанша жоғары болса да, барлық азаматтар заң алдында тең болуы керек.

«Әділдік – лауазымдық және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігі. Заңның ұлықтылығы деген де осы. Ол соттардың ісіне қол сұқпаушылықты қарастырады. Әйтсе де, жасалған заңбұзушылықтар бойынша кейде азаматтар олардың шешімдерін сәйкессіз және ақылға қонымсыз деп қабылдайды», - дейді Қазақстан президенті Қасым-Жосарт Тоқаев .
 

Талқылау