Тоқаев: 2020 жылы Назарбаевтың президент сайлауына қатысатынына сенбеймін

ҚР парламент сенатының төрағасы 2020 жылы болатын президент сайлауына Нұрсұлтан Назарбаев қатыспайды деп ойлайтынын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұл туралы Тоқаев Hardtalk бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ВВС басылымына сілтеме жасап Stan.kz.

«Ашығын айтсам, президент Назарбаев 2020 жылы президент сайлауына қатысатынына сенбеймін. Себебі ол – өте дана әрі кемеңгер адам. Менің ойымша, 2020 жылы біздегі президент сайлауына Назарбаевтан басқа үміткерлер түседі», – дейді Тоқаев.

Өз сөзінде сенатор бұл тек өзінің «жеке пікірі» ғана екенін айтты.

«Әрине, президент сайлауына қатысу, қатыспауы тек президент Назарбаевтың өзіне ғана байланысты. Алайда мен оның президент сайлауына түсетініне сенбейтінімді ашық айтамын», – дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Тоқаев журналистің 2020 жылы президент сайлауына түсетіні туралы сұрағына жауап берді.

«Мен олай демес едім», – дейді Тоқаев.

Сондай-ақ, сенатор Елбасының беделі өте жоғары екенін атап өтті.

«Президент Назарбаев  бұл мемлекеттің президенті болмаса да, оның ішкі және сыртқы саясатқа үлкен ықпалы болатын еді», – дейді сенат төрағасы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
12.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар