Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

"Тізеден жоғары киім киіп көрмегенмін": Алтынай Жорабаева етек-жеңді жинап жүруге шақырды

Алтынай Жорабаева өмірінде қысқа киім киіп көрмегенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Өнер мен өмір» бағдарламасына сілтеме жасап.

Өнер иесі киім киісін де, шашын да ешқашан өзгертпейтінін айтты. Тыңдармандардың талаптарына сай болу үшін де осылай киінетінін жасырмады Жорабаева.

«18-25  жастағы қыз емеспіз. Жасымыз көбейіп жатыр. Етек-жеңімізді жинап жүру керек. Менің тыңдармандарым жастар емес. Орта буыннан жоғары қарай. Солардың талаптарына сай болғым келеді», -  дейді Алтынай ханым.

Өмірде шалбар кигенімен тізеден жоғары тұратын киімді бір-ақ мәрте киіп, оның өзінде ыңғайыссызданып, қысылып-қымтырылған көрінеді. Бұл жайлы әнші айтып берді.

«Ал өмірде шалбар киемін, бірақ, тізеден жоғары киім киіп көрмегенмін. Студент кезімде тізеден сәл жоғарғы белдемше кигенмін. Сол кезде қатты ыңғайыссызданған едім. Қысқа кигенсіз бе дегенде көзіме сол бір-ақ бейнем елестейді», - дейді Алтынай Жорабаева.

Комментариялар
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр