«Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды
Ұлыбританияда «Титаник» кемесі жолаушысының анасына жазған хаты аукционға қойылды.

Хаттың авторы – Александр Оскар Хольверсон есімді саудагер. Ол зайыбымен бірге осы кемемен Буэнес-Айрес қаласынан Құрама Штаттарына қайтып келе жатқан. Бірақ апат кезінде қаза табады. Ал жұбайы аман қалған. Хат Хольверсонның қойын дәптерінің ішінен табылған екен.
Марқұм анасына жазған хатында Титаниктегі музыканы, тағамдар мен кеменің бірінші класында орналасқан жолаушыларды сөз еткен. Бұл жәдігер-хатты аукцион үйі қазанның 21-інен бастап сатылымға шығарады. Сарапшылар оның құнын 80 мың фунт стерлингке бағалап отыр.
Жіберіп алмаңыз:
Сән саласы бойынша сарапшы осы маусым тренді жайлы айтып берді
Америкалық мейрамханада «елесті» видеоға түсіріп алған (видео)
20 жастағы қыз аяғының ұзындығы бойынша рекорд орнатты (фото)
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"