Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Титан құймасын ұрлаған Өскемен тұрғынына халықаралық іздеу жарияланды

Қала тұрғыны құны 31 миллион теңгеден асатын титанды құйманы ұрлады деп айыпталуда. Ер адам құқық қорғау органдарынан өткен жылдың ортасынан бері бой тасалап жүр екен. Жуырда тіпті оған халықаралық іздеу жарияланыпты.

3052630 Бұл туралы Өскемен жаңалықтары хабарлайды.

53 жастағы күдікті металлургиялық кәсіпорында жұмыс істеген. Өткен жылдың шілде айында ол цехтан 9 келі тұратын титиндалған құйманы жасырып алып кетеді. Қалалыққа іздеу жарияланғанымен, әлі жақсы нәтиже берген жоқ.

Қаңтар айының соңында Өскемен қалалық №2 соты тергеу орындарының тұрғынды халықаралық іздеуге беруіне рұқсат етті.

Талқылау