Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тірі адаммын: Мақпал Жүнісова өзімен дуэт айтқан жігіттерге ғашық болып қалудан қорқады

Мақпал Жүнісованың пікірінше, ер мен әйел әншінің сахнада бірге өнер көрсетуі қалыпты нәрсе. Алайда қос өнер иесі образды сахнада қалдырып, сезімге ерік беріп кетпесе игі, дейді Халық артисі. Себебі дәл өнер адамдары махаббат сезіміне жиі бой алдыратын көрінеді.

Тірі адаммын: Мақпал Жүнісова өзімен дуэт айтқан жігіттерге ғашық болып қалудан қорқады

Бұл туралы Жүнісова 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Сахнада әншілердің жұптасып ән айтуында тұрған ештеңе жоқ, әрі қарай бүлініп кетпесе болды. Ойыннан да от шығады деп, өнер адамдары махаббат туралы ән айтқанда образға кіріп кетеміз ғой. Сол кезде жұптасып ән айтқан әншілермен тым жақындаспау керек. Тек қана сахнада ән айтып қою керек. Олармен достасып, қайта-қайта үйге шақырып, кездесіп жүрсең, шынайы махаббатқа ұласып кетуі мүмкін. Әсіресе, өнер адамдары сезімге тез беріледі”, – деп ағынан жарылды Мақпал Мұхамедиярқызы.

Дәл осы себепті Халық артисі өзімен бірге ән айтқан әнші азаматтардан бойын аулақ ұстайтын көрінеді.

“Мен мысалы, қаншама жігіттермен дуэт айтып жүрмін. Жасы бар, ортасы бар, өзімнен үлкені де бар. Бірақ мен ешқашан оларды үйіме шайға шақырмаймын, жақын араласпаймын. Тек қана сахнада образға берілуім мүмкін. Бірақ өмірде жақын араласпаймын. Өйткені мен “за себя не отвечаю”. Мен тірі адаммын, ол балаға ғашық болып қалуым мүмкін. Ертең оған күйеуге шығуым міндетті емес, бірақ жүрегім ауырып қалуы мүмкін. Мен өзімді қатты жақсы көремін, сондықтан да жүрегімді ауыртқым келмейді. Менің жасымда, сырттай ғашық болып жүргенім де жеткілікті”, – деп түсіндірді ол.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау