Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тіпті көмек сұрамады: Толғағы қысқан әйел супермаркетте босанып қалды (видео)

Ресейдің Омбы облысындағы супермаркетте азық-түлік алуға келген жүкті әйел босанып қалды. Ол кассада тұрған кезде толғағы басталғанын сезген. Алайда осы кезде әйелдің асқан сабырлық танытқаны дүкен қызметкерлерін таңғалдырды.

Тіпті көмек сұрамады: Толғағы қысқан әйел супермаркетте босанып қалды (видео)

Бұл туралы NGS55.ru басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

«Ол тіпті көмек сұраған жоқ. Жай ғана босана бастағанын айтты. Болғаны осы. Мен жедел жәрдем шақырдым», – дейді дүкенді басқарушы Анна Цыбульская.

Жүкті әйелдің жанында құрбылары болған екен. Олар әйелді еденге жатқызған. Осы кезде кассир көмекке келіп, әйелді босандырып алады. Сәби айналасы 2 минуттың ішінде дүниеге келіпті. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде нәресте анасының кеудесінде жатқан.

Супермаркетте дүниеге келген сәбидің салмағы – 3,6 келі. Оның есімін Иван деп қойыпты. Анықталғандай, ол отбасындағы алтыншы перзент екен.

«Бізде мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Әрине, сасқалақтап қалдық. Алайда қолдан келгеннің бәрін жасадық және жаман ештеңе болмаған сияқты», – дейді дүкен басқарушысы.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау