Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тіпті, есінен танған жоқ": Басына биіктен бірнеше кірпіш түскен қыз бірден орнынан тұрып кетті (видео)

Түркияның Денизли қаласында көшеде кетіп бара жатқан қыздың басына бірнеше кірпіш құлап кетті. 

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Желіде оқиғаның видеосы тарады. Видео кадрларынан байқалғандай, екі қыз көшеде кетіп бара жатыр. Кенеттен олардың бірінің басына бірнеше кірпіш құлап кетеді. Зардап шеккен қыз жерге құлағанымен, бірден орнынан тұрмақ болды. Оларға сол жердегі адамдар көмекке келіп, құрылыс жүріп жатқан жерден әрі алып кетті. 

19 жастағы Бусра Ясар ауруханаға жеткізілген. Оның жағдайы тұрақты деп бағалануда. Дәрігерлер пациентті бақылауына алған. 

 

Жергілікті БАҚ мәліметінше, кірпіштер құрылыс алаңының 4-қабатынан құлап кеткен. Болжам бойынша, оған жұмысшысының қателігі себеп болыпты. Артынша ол ұсталып, жауап алынған. Ер адамға айып тағыла ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

Талқылау