Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бекмамбетовтің фильмі жасырын жолмен Қытай көрермендерін жаулап алды

Қытай ресурстарында Тимур Бекмамбетовтің BAZELEVS студиясының «Ол – айдаһар» романтикалық фэнтези фильмі жасырын жолмен пайда болды. Бес тәуліктің ішінде оны порталдардың бірінен 3,7 миллион адам қарап үлгірген, деп хабарлайды РИА Новости.

75387

Сурет www.kino-teatr.ru сайтынан алынды

Ал қытай интернеттеріндегі пираттық көшірмелер жүзден асады.

Ресейлік кинопрокатта өткен жылдың желтоқсанында фильм үш аптаның ішінде жарты миллионға жуық  ғана көрермен тартқан болатын.

Қытай «Ол – айдаһар» фильмі шетел аумағына шыққан алғашқы ел болды. Жергілікті пираттар орыс тіліндегі көшірмелерге қытай субтитрлерін салған.

«Біз фильмді қытайлық дистрибьютерге ұсынғанбыз, олар картина сюжеттік ерекшеліктеріне байланысты  жергілікті көрермендерді қызықтырмауы мүмкін. Өйткені айдаһар жағымсыз кейіпкер, зұлымдық әкелуші ретінде халық түсінігіне қайшы келеді, дегенді айтты, деп әңгімеледі BAZELEVS кинокомпанияның сату бөлімінің жетекшісі Валерия Добролюбова.

Қытайлық қыздар мен жасөспірімдер фольклор мамандарының пікіріне керісінше, Инстраграмда басты рөлдегі Матвей Лыковға өздерінің сүйіспеншіліктерін білдіруде, сән бизнесінен киноға келген ол қазірдің өзінде әлемдік ауқымда танымалдыққа ие болды.

Картина жасаушылар қазір Азиядағы аяқ астынан тап болған танымалдыққа бас қатырып, қазір фильмді қытай телевидениесінде заңды көрсету үшін келіссөзер жүргізуде.

Сонымен бірге,  бұл фильм Жапонияға прокатқа сатылды, ал таяудағы күндері Оңтүстік корея прокатшылармен келіссөздер  аяқталуы тиіс.

Талқылау