Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тиматиды аузына қаратқан қазақ қызы Ресейге көшетінін мәлімдеді

ТНТ арнасындағы музыкалық «Песни» шоуына қатысқаннан кейін, Назима Жәнібекова танымал боп шыға келді. Алғашқы бір күннің ішінде бойжеткеннің желідегі парақшасына 10 мыңнан аса оқырман жазылған.

назима жәнібекова

Аяқ астынан «жұлдыз» боп шыға келген Назима hommes.kz-ке сұхбат берді.

Назима жобаға қатысқаннан кейін желіде бейтаныс жандардан толассыз хаттар келген. Өнерпаз бұл жетістігін «жарқын болашаққа апаратын трамплин» деп бағалап отыр.

Назима досының кеңесі бойынша «Песни» жобасына қатысуға өтініш білдірген. Ал араға 12 сағат салып, байқауға тіркелу жабылып қалған. Абырой болғанда қыз үлгеріп, Мәскеуге іріктеуге барған. Назима ол шақта билетке ақшасы болмағанын айтады.

«Әпкем Гүлжан көмекке келді. Билет пен шығынымды өтейтін ақша берді. Маған жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпаймын», – дейді әнші.

Ресей астанасында өткен іріктеу Назима үшін оңайға соқпаған. Себебі барын көрсетуге қатысушыларға небәрі 1 минуттан уақыт берілген. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткен Назима көзіне жас алып, анасына қоңырау шалған.

«Мәскеуде жұрттың бәріне менің қайдан келгенім қызық болды. «Қазақтар сондай талантты» деген сөзді көп рет естідім. Әрине, мұндайда кеудеңді мақтаныш сезімі кернейді», – дейді Назима.

Айта кетейік, әншінің ашық-шашық киімі көпшіліктің наразылығын туғызған еді. Алайда Назима сыртқы келбетіне байланысты айтылатын сынға мән бермеуді үйренген. Айтуынша, бұл бар болғаны сахналық образ, ал бойжеткен үшін ең маңыздысы – жақындарының қолдауы.

Ресейде танылған бойжеткен, көрші елге біржола көшуге дайын екенін мәлімдеді.

«Песни» жобасында қандай нәтижеге қол жеткізетінімді білмеймін, бірақ Ресейге көшетінім анық.

Тағы оқыңыз: 

“Қазақтың Моцарты” атанған Рахат-Би Әбдісағын туралы не білеміз

Баян Алагөзова қайын атасын сотқа бергендерге: Сіздің тәрбиеңіз үшін мен ұялып тұрмын

Әкесін үлгі тұтады: Иманбаева ұлының Сәбит Әбдіхалықовпен ара-қатынасы жайлы айтты

Қазақ келінін қалады: Аиша ата-енесінің өзін қалай қабылдағанын айтып берді

Талқылау