Теңіз түбінен көне қазына толы кеме табылды

Сейсенбі, 17 Мамыр , 2016 18:05

Израильдің көне мұралар басқармасы, дайверлердің Жерорта теңізі түбінен антикалық қола мүсіндер мен монеталар тасымалдаған ежелгі кемені тауып алғанын мәлімдеді. Көне қазынаға шамамен 1600 жыл болған.

ыфффф

Сурет 112.ua

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

Археологтар кеме рим императоры Константиннің дәуірінде Кейсария қаласындағы айлаққа кірген кезде суға кеткен деп болжап отыр. Осылайша, көпес кемесіне тиелген мүсіндер мен сирек кездесетін метал артефакттар балқытудан аман қалған.

“Соңғы отыз жылда Израильде мұндай көне мұра алғаш рет табылып отыр. Метал мүсіндер археологияда сирек кездеседі. Өйткені олар сол кезеңге дейін балқытылып, қайта өңдеуге жөнелтіліп отырған. Табылған қола бұйымдар көп жағдайда теңіз түбінен табылады”, – дейді Израильдің көне мұралар басқармасы теңіз археологиясы бөлімінің жетекшісі Яакова Шарвита.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар