Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теңгенің құлдырауы жылдық рекордтық деңгейге жақындады

KASE Қазақстандық қор биржасының таңғы сессиясында теңгенің долларға шаққандағы минималды курсы 343,90 теңгеге тең болды. Ал максималды құн 345,37 теңге. Ал бұл ретте орта көрсеткіш 344,88 теңгені құрайды.

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан жазады.

Соңғы рет теңге бағамы өткен жылдың тамыз айында 345 теңгеден асып кеткен еді. Астанадағы айырбастау бекеттерінде доллар сатып алудың минималды курсы – 342,7, максималды курс – 345,7 теңге. Ал Алматыда минималды курс – 341, ал максималды курс – 345,9 теңге.

Астана қаласында доллар сатудың минималды курсы – 345,99, ал максималды курсы – 347 теңге.

Алматы қаласындағы доллар сату құны 345,5, ал максималды курсы – 347 теңге.

Бұған дейін экономист Арман Байғанов 2-6 қазан аралығында теңге курсына әсер ететін факторларды атаған еді. АҚШ-тағы мұнай бұрғылау санының артуы, Қазақстандағы шетел валютасына деген сұраныстың көбеюі, АҚШ-қа экспортталатын мұнайдың көлемінің өсуі – қолайсыз факторлар санатына жатады.

Сонымен қатар, Ресейдегі салық маусымының аяқталуы, корей түбегіндегі ыңғайсыз жағдайлар рублдің теңгеге әсер етуіне соқтырады.

Оқи отырыңыз:

Елімізде азық-түлік пен ақылы қызметтер құны одан әрі шарықтап кеткен

Қазақстанда жасы 50-ден асқан азаматтар белсенді түрде ипотекаға үй ала бастады

Өзбек сумының құнсыздануы Қазақстанға қалай әсер етеді?

Энергетика министрі: Қазақстанда электр энергиясы тарифтері қымбат деп ойламаймын

Талқылау