Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртаулықтар елбасыға гитарада ойнап, көрініс қойып берді (фото)

Қазақстан президенті іс-сапар барысында Теміртау қаласындағы мәдени және демалыс орнын аралады, деп Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып Stan.kz хабарлайды.

Елбасы Теміртау қаласындағы саябақты аралап, “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясындағы жүргізілген қайта жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты.

Сонымен қатар мемлекет есебінен тыс салынған нысандармен танысып, театрланған көріністі тамашалады. Қойылым 50-60 жылдардың тарихын баяндады.

Назарбаев металлургия комбинатында бірге жұмыс істеген бұрынғы әріптестерімен, замандастарымен кездесіп әңгімелесті.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау