Теміртаулық кәсіпкерді өлтіруге тапсырыс берген адам ұсталды
Теміртауда жоғалған кәсіпкер Владимир Дашкевичті тапты, оны қасақана өлтірмекші болған адамдар ұсталды – деп хабарлайды Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісінің қызметін атқарушы Батырхан Смайылов.

“Қазір оның аман-есен әрі сау екенін ғана айта аламыз. Жай-жапсарын дүйсенбіде хабарлаймыз. Ал кәсіпкерді ұрлап әкетіп, тапсырыс бойынша өлтірмекші болған адам ұсталды”, – деді Смайылов.
Қазір осы оқиға бойынша «Тапсырыспен адам ұрлау», «Адам өлтіруге оқталу» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Еске салайық, 4 шілдеге қараған түні Теміртауда жиһаз өндірумен айналысатын 34 жастағы кәсіпкер Владимир Дашкевич жоғалып кеткен еді. Теміртаулық кәсіпкердің қайда жоғалып кетуі мүмкін екенін оның туыстары атаған еді. Оны бизнесі бойынша бұрынғы серіктестері қорқытып жүрген екен.
Асханасы мен спортзалы жоқ, от жағады: Қазақстанның кейбір өңірінде ауыл балалары адам шошырлық мектептерде оқып жүр
Тұрғынның сөзінше, мектептің қабырғалары жарылып, едені шіріп кеткен, жауын-шашынды күндері төбеден су ағады
Мектеп бітіру кешінде шампур тығып алған: Алматы облысында Әлібидің өліміне күдікті жасөспірім 10 жылға сотталды
Аталған қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды