Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Теміртауда көкек ана екі жасар қызын көшеге тастап кетті

Екі жастағы Миленаны туған анасы көшеде тастап кетті. Бұл ақпаратты қорғаншы және қамқорлық органдарының өкілдері де растады. 29 шілдеде қолына екі жасар қызын жетектеген жас анасы Теміртау қаласындағы Коммунаров көшесінің бойында бейтаныс әйелден қызына қарай тұруын сұраған. Қызын бөтен біреуге қалдырып кеткен көкек ана сол кеткеннен қайтып келмеді.

Теміртауда көкек ана екі жасар қызын көшеге тастап кетті

Бұл туралы ТТК арнасы хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

«Қыздың анасы кездесу бару керек екенін, бірақ онда баламен бірге баруға болмайтынын айтып, бейтаныс әйелден қызын қарай тұруды сұраған. Баласын бөтен әйелге қалдырып, телефон нөмірін жазып кеткен ана сол кеткеннен қайтып келмеген. Біраз уақыттан кейін, баланың анасын күтуден шаршаған әйел полицияға хабарласып, мән-жайды баяндап берді. Содан полицейлер қызды алып кетіп, ауруханаға апарды да өздері баласын тастап кеткен ананы іздеуге кірісті»,- дейді «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қорғаншы және қамқоршылық бөлімінің басшысы Жұлдыз Арилина.

Тексеру барысында, полицейлер тастанды баланың анасының 1992 жылғы Қарағанды қаласының тұрғыны екенін анықтады. Құқық қорғау органының өкілдері қыздың анасына хабарласып, оның  келуін өтінген. Бірақ әйел қызы екеуінің де құжаттары жоқ екенін айтып, полицияға да қорғаншылық органдарына да бармаған.

«Ол тіпті құжаттарды жасатып, қыздың анасы екенін дәлелдейтін болса да, біз оған баланы жай бере салмаймыз. Ол болашақта баланы баға алатынын және қолайлы баспанасы бар екенін дәлелдеуі керек. Енді ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады, бұнымен полицейлер айналысып жатыр»,-дейді Жұлдыз Арилина.

Қорғаншылық органдарының мамандары баланың жағдайының жақсы екенін және оның барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілгенін айтты. Анасы тастап кеткен бүлдіршінді 2 тамызда Қарағанды балалар үйіне жібереді. Енді баланың болашақ тағдыры тек анасына байланысты болмақ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау