Теміртауда балабақша тәрбиешісі жылаған баланы көрпемен тұншықтырды (видео)
Желі қолданушылары жылаған баланы көрпемен тұншықтырған тәрбиешінің әрекетіне таңғалды. Оқиға Теміртауда болды.

Видеодан әйелдің жылаған сәбиді алқымынан алып, тұншықтырып жатқаны көрінеді, деп жазады Sputnik.
Бүлдіршін одан әрі жылай түсті. Арасында дем жетпей, жылауын тоқтатты.
Видео Вконтакте желісінде тарады. Қалалық білім беру бөлімінде әйелдің кім екеніне қатысты пікір білдірді.
«Оқиға мектепке дейінгі бала оқыту мекемесінде болды», – дейді білім бөліміндегілер.
Балабақша білім беру бөлімінің қарауына жатпайды. Онда мектепке дейінгі білім беруге мемлекеттік тапсырыс жоқ. Полицейлер әйелдің жеке тұлғасын анықтады.
«Кәмілетке толмағандардың тәрбиесіне қатысты міндетті атқармау» бабы бойынша тергеу жүруде.
Желі қолданушылары тәрбиешіні жазалауды сұрап жатыр.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан