Тележурналист Серік Аббас-шах әнші Бүркітке қораздана бермеуге кеңес берді

Жұма, 29 Сәуір , 2016 10:56

Тележурналист Серік Аббас-шах әнші Бүркіттің жер мәселесіне қатысты пікіріне жауап берді.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Осы уақытқа дейін БАӘ-де отбасымен демалып жатқан Бүркіт жер мәселесіне қатысты дауда қажет болса жауға қарсы алдыңғы шептен табылатынын айтқан болатын. Тележурналист әншіге өз ойын өлең жолдары арқылы жеткізіп, атына затының лайық болып, қораздай бос жүгірмеуіне кеңес берді.

Тележурналист өз ойын келесідегідей өлең жолдарымен жеткізді:

Қыран құссың, қырағысың, шиырлаған қиянды,
Төбедесің, елдің емес, жердің бетін жиі аңды.
Тойxана емес Жер-Анамыз, кім көрінген жалдайтын,
Ауып келсе, шибөрілер, қорғайды кім ұяңды?

Ел байлығы талан-тараж, бұл қазақтың соры аздай,
Ұрпағыңа қалдыр енді, Жер-ананың қоры азбай.
Бүркіт деген зор атың бар, самғасаңшы биікке,
Қанатыңмен жер сабалап, бос жүгірмей қораздай.

Серік Аббас-шахтың бұл пікірін өзгелер де қолдап, “Серік Аббас-шах бар болғанына шүкір. Әйтеуір өзім айтып салғандай мəз боламын”, “Сәкең қара сөздің сұрмерген “бодболисі” екен, үнемі тура тоғыздыққа түсіреді”, “Өзі тіленіп алған жауабы” деп қолдау білдірсе, енді бірі Бүркіттің әрекетін қоштай түскен.

Әзірге әнші Бүркіттің бұл сынды қалай қабылдағаны белгісіз.


Оқи отырыңыз:

Бүркіт: Қажет болса жауға қарсы алдыңғы шептен табыламын (фото, видео)

Әнші Бүркіт отбасымен бірге Солтүстік Африкада жүр

Әнші Бүркіт әйелі үшін темекіден бас тартты

Италия жастары әнші Айшаның суреті салынған футболкалар киіп жүр

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Жарайсыз, Серік Аға ризамын!!!! Дұрыс айттыңыз, шет елде қыдырып жүрген адам, елінің қамын ойлап жатыр-ау дегенге күмəнім бар. Мақтанғанды жақсы көретін, əйел жанды əншіміз жерге түссін дегенге қосыламын. Ақша қолдың кірі, бүгін бар, ертең жоқ.

  • Жұмбақ жан says:

    Шах деген не пале тагы. Буркiтке ОТТАМА деп жауап беру керек.

    • Жұмбақ жан says:

      Мен Бүркіттің фонаты емеспін, бірақ бұл жерде Бүркітті колдаймын. Елім жерім деп тұрған жігіттің канатын сындырады осындай маңызсыз сөйлейтін Серік шах сияктылар. Сіз керемет болсаңыз неге Буркіт сиякты патриоттығыңызды корсетпейсіз. Керек емес кызык емес азілдер жазасыз. Итке куйсаң ит те ішпейтін , кай-кайдағы шараптарды мактанып.

  • Жұмбақ жан says:

    Өлең қисынсыз-ау шамасы. Расымен де жер үшін жан беруге дайын шығар. Өнерде жүрсе намыс жоқ,елін жерін сүймейді деген сөз емес қой. Өзің не істедің не тындырдың. Біле білсең Бүркіттің туған жерге арналған талай əні бар. Əлемді шарласа не болыпты. Əлде көреалмастық па. Салауатты салиқалы өмір сүріп жүрген жігіт. Оғаш қылық пікірін байқамайдым. Жөнсіз сұғанақтағанды қою керек қой. Өзің алаш азаматы болсаң неге шықпайсың. Неге халыққа шындықты айтпайсың.

  • Жұмбақ жан says:

    темекини тастадым деп жаналык деп отырма

  • Жұмбақ жан says:

    Темекіні адам өз үшін тастау керек!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар