Телефон ұстап ұйықтау несімен қауіпті екені белгілі болды
Адамдардың әлеуметтік желіні қарап жатып қолына гаджетті ұстап ұйықтап қалуы ұйқының сапасына теріс әсер етеді. Бұл туралы Джон Хопкинс атындағы Медицина мектебінің профессоры Всеволод Полоцкий мәлімдеді.
Профессордың пікірінше, телефон ұстап ұйықтау биологиялық сағаттың жұмысының бұзылуына, ұйқының қанбауына алып келеді. Сонымен қатар ұйқының фазаларына кері әсер етеді, деп хабарлайды «РИА Новости» басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
«Ересек адам күніне кемінде 7 сағат ұйықтауы тиіс және төсекте жатып компьютер, смартфон, планшет немесе басқа да электрондық құралдарды қолданбауы керек. Негізі, ұйқыға жатардан екі сағат бұрын электрондық құралдарды қолданудан бас тартқан жөн», - дейді Всеволод Полоцкий.
Полоцкий өзінің және балаңның ұйқысының дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін, ұйықтар алдында электроника мен тамақтан бас тарту керектігін айтады.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
