Есірткіні өздері әкеліп сатады: Шымкентте сотталушылар түрме қызметкерлерінің былығын айтты

Түрмедегі былық шындықтың бетін ашып берді. Шымкентте тергеу изоляторында жатқан сотталушылар ондағы қызметкерлердің заңсыз әрекеті жайлы баяндап, әлеуметтік желіні шулатты.

Бас бостандығынан айырылған екі жазасын өтеуші темір тордың арғы жағындағы тіршілікті бүкпесіз айтып берген, деп жазады Евразия.

Алайда, тергеу изоляторы басшыларының сөзінше, бұл ойдан құрастырылған әрі әдейі қасақана жасалған жала болып тұр. Қазір, осы іске қатысты тергеу амалдары басталып кетіпті. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Біз шындықты айтып жатырмыз, сотталғандар телефонда, картаны, героинды, анашаны қайдан алады дейсіздер. Міне,өздері ақшаға алып келіп, береді».

Шындықты айтып, шырылдадық деген жандар қазір Шымкенттегі тергеу изоляторында жатыр. Олар бұған дейін жасаған қылмысы үшін он жылдан аса түрмеге қамалыпты. Айтуларынша, мұндағы тергеу изоляторында былық жетіп артылады екен. Тек, ақшасын төлесең болғаны.

«Вообщем 100 мың теңге бердім. Алдында дәл осындай телефон кіргізіп берген маған. Ол кейіннен істемей қалды да, мен оны суға ағызыжібердім. Руслан, Сапар бәрі біледі біздің телефонмен сөйлесетінімізді. Міне қуаттағышы, артында тағы сим карталары бар» – дейді жазасын өтеуші.

Мұнан бөлек, сотталушылар түрме басшылығының үстінен де шағымданып отыр. Олардың сөзінше, карта ойындарына еріксіз жұмылдыратын көрінеді.

«3-тен бірі маған, 3-тен бірі вор законаларға жіберіп отырасың деген соң мен иа деп алдап-сулап алдым. Міне, мына сим картамен звондады деді. Мен ешкімге звондамай, сіздерге көрсетіп отырмын» – дейді жазасын өтеуші.

Бірақ, мұны аталмыш мекеменің басшылығы мүлдем теріске шығарды. Барлығы жала дейді. Рас, түрме қызметкерлері кінәсін мойындап отыр. Себебі, салғырттықтың кесірінен оларға ұялы байланыс телефоны жеткізіліпті. Оны туысының бірі кәдімгі қыстық аяқ киімнің өкшесіне жасырып кіргізген екен. Осыны ұтымды пайдаланған әлгі жазасын өтеушілер түрме қызметкерлерінің әрекетін өз пайдасына шешіп отырмақшы болыпты.

«Тиым салынған заттардың барлығы тәркіленіп алынып, оларға қатысты тәртіп жаза қолданып, және тиым салынған заттың мекеме аумағына еніп кетуі бойынша департамент тарапынан тексеру жүргізіліп, жауапты адамдардың барлығына тәртіптік шара қолданылды» – дейді тергеу изоляторы басшысының орынбасары Ермек Жалғасбаев.

Осы күні түрмеде тиым салынған құрылғаны пайдаланып, қызметкерлерге жала жапқан сотталушыларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Жазасын өтеушінің бірі өз әрекеттерінің қолдан әдейі жасалғанын мойындап та үлгеріпті. Енді барлық іс материалдары сотқа жолданбақшы. Ал, қызметіне салғырттық танытқан бірқатар тергеу изоляторының қызметкерлері жауапқа тартылыпты.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
21.11.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар