Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тек анасы ғана танып ажырата алатын британдық үшемдер (фото)

Британдық үшем Рома, Роан мен Рокконың анасы Беки-Джо Аллен перзентханадан шыққан соң оны тағы бір тосынсый күтерін білмеген. Өзгелер оған балаларының бір-біріне өте қатты ұқсайтынын, тіпті оларды бірінен ажырату мүмкін еместігін жиі айтқан.

487

Бұл туралы bigpicture.ru хабарлайды.

587

Сондықтан үшемнің анасы ДНК сараптамасын жасауды жөн көрген. Нәтижесінде 200 миллион адамда бір кездесетін оқиғаға тап болған. Үшемдер генетикалық тұрғыда бірдей болып шыққан.

689

Алайда, анасы үшемді өзгелер сияқты емес, өзі меңі арқылы оңай ажырата алатынын айтады.

785

«Мен үшемді өмірге әкелем деп еш ойламағам. Тіпті егіз болады деп те күтпедім. Тұқымымызда егіздер жоқ. Үшемдер 31 апталығынла кесір тілігі арқылы өмірге келді. Рокко 1,5 келі, Роман 1,53, ад Роан 1,64 келі салмақпен туылды», – дейді анасы.

879

Үшемдерге аптасына 130 жөргек пен балаларға арналған майлықтың 4 қаттамасы керек екен. Сүт қоспасы екі күнге жетеді. Ал, кір машинкасын киімдерін жуу үшін күніне үш рет қолданатын көрінеді. Оның 28 жастағы әкесі Лайам Тирней Беки-Джомен бірге тұрмайды. Сондықтан оған әпкесі Лорен көмектеседі.

972

Гендік тұрғыда бірдей болып туылатындар аналық жасушаның екіге бөлінгені себебінен болады. Егер анасының құрсағында жатқан егіздердің не үшемдердің бір ғана жарғақшасы болса, олардың гені бірдей болады.

1269

2014 жылы Понтипулада Карен Гилберттің бір жасқа толмаған үшемдерін ажырату үшін аяғының саусағын күн сайын бояп қоятынын белгілі болған еді.

3107

Безымянный

Оқи отырыңыз:

Австралиялық “бесемнің” суреттері көпшілікті елжіретіп жіберді (фото)

Талқылау