Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәжікстанда жас келіндерге европалық той көйлегінен бас тарту ұсынылды

Тәжікстанда бұл мәселе елдің Ислам орталығының ресми сайтына қалдырылған сауалдан кейін көтерілген.

20160915095507

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Желі қолданушыларының бірі егер келін европалық той көйлегін кисе діни неке бұзыла ма деген сұрақ қойған. Бұған жауап қатқан аталмыш орталықтың ғалымдар кеңесі, “Біз өзге дәстүрге емес, өзіміздің бабаларымызға еліктесек дұрыс болар еді” деп пікір білдірген.

“Ислам діні қарапайымдылық, жайлылық және ұстамдылықты дұрыс көреді. Мемлекет басшысы Эмомали Рахмон атап өткендей, тәжік ұлтының өзіндік ұлттық киімі бар. Егер біз өз ата-бабаларымызға еліктесек жөн болар еді. Бірақ европалық сәндегі көйлек кисе де діни некелесуге кері әсер етпейді,” – деп атап көрсетті ғалымдар кеңесі.

Тәжікстанда соңғы кездері “басқа құндылықтарға” қарсы белсенді қарсылық көрсетілуде. Олар балаларына тек тәжік есімін ғана беріп, ұлттық құндылықтарын сақтап қалуға тырысуда.


Оқи отырыңыздар:

Түркіменстан президенті елді өмір бойы басқаратын болды

Ислам Кәрімовтің қызы жаңа мешітке әкесінің атын қойды

Әкесін Меккеге жіберу үшін өмір бойы ақша жинаған қызы арманын орындаған соң көз жұмды

Талқылау