Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайвань тұрғыны баласын қатты тербетемін деп өлтіріп алды

Тайваньдағы Синьбэй қаласының тұрғыны нәрестесін тербетіп ұйықтатамын деп, абайсызда өлтіріп алды, деп жазады бейсенбі күні «Жэньминь жибао» басылымы.

бала

Үшемнің әкесі жеті айлық қызын тербелмелі-төсекте ұйықтатқан. Кенет ол қызының жағдайы нашарлағанын байқап, зайыбымен ауруханаға алып барады. Медициналық мекемеде баланың шетінеп кеткенін айтқан.

Дәрігерлердің мәлімдеуінше, баланы қатты тербетіп шайқағаннан және сәбидің басын дұрыс қоймай қатты бұлғалақтатқаннан миы шайқалып кеткен. Осыдан кейін басына қан құйылған. Мұндай синдром 1971 жылы алғаш тіркеліпті.

Талқылау