Тайсон: Мұсылман болып өлемін
Аңызға айналған боксшы Майк Тайсон Алматыға келіп, Synergy Global Forum-ға қатысты. Форумда былғары қолғап шебері ислам, балалары мен сатқандық туралы сөз етті, – деп хабарлайды Stan.kz.

«Ислам діні маған өзімді табуға көмектесті. Мен – мұсылманмын және мұсылман болып өлемін. Әрине, қателіктер жасап жатамын. Бірақ олар мені дұрыс бағытқа бағыттайды», – дейді былғары қолғап шебері.
Сонымен қатар боксшы сатқындық жөнінде айтып берді.
«Мен сенуге болмайтын адамдарға сеніп келіппін. Ол – менің кінәм. Себебі оларды өз өміре кіргізбеуім керек еді. Сондықтан қандай адамдарды өміріңе кіргізуге болатынын ойлап, жауапкершілікті сезінуіңіз керек. Егер қателікке бой алдырсаңыз, бәрін қайтадан бастаңыз», – дейді боксшы.
Боксшы балаларын ең үлкен жетістігі деп біледі екен.
«Менің ең үлкен жетістігім – балаларым. Ал құндылықтарым – балаларға қамқор болу, адалдық және қолымнан келетін дүниені жасау. Осы үш нәрсе – менің басты құндылықтарым», – деді Тайсон.
Әйгілі боксшы өмірдегі қиындықтардан қорықпауға кеңес берді.
«Өміріңізде кездескен қиындықтар сізге қысым жасайды. Нәтижесінде кемелдене түсесіз. Қиындықтар барлығымызда кездеседі. Бірақ мұндағы мәселе – қиындықтың бізді өсіретіні не өшіретінінде», – деп түйді Майк Тайсон.
Оқи отырыңыз:
Экс-депутат елорда мектептеріндегі әжетханалардың жағдайын сынап тастады
Қысқы дөңгелек қандай болуы тиіс және айыппұл төлемеу үшін не істеу керек?
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған