Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тайгада босанған әйелді полицейлер жыртқыш аюлардан қорғап қалды

Якутияда өткен жексенбі күні жергілікті тұрғын әйел тайгада босанып қалған. Оны жыртқыш аюлардан полицейлер мен арнайы құтқарушылар арашалап қалыпты.

pic_f5b7eaebcc7570b0bbcac1c02fbf7ddd-(1)

Ақпаратты Якутияның денсаулық сақтау министрлігі де растап отыр. Әйел жүктіліктің 40-шы аптасында күйеуіне көмектеспекші болып балықшылармен бірге ну орманды тайгаға барған. Ол жерде әйелдің толғағы басталып, күйеуі мен әпкесі көлікпен ауруханаға жеткізбекші болады. Алайда жолда көлік батпаққа батып қалып, әйел әпкесі екеуі орман ішінде қалған. Күйеуі болса ұялы оператордың байланысы ұстайтын аумақты іздеп шарлап кетеді. Ақырында ол құтқарушыларға хабарласып оларды шақыра алған.

Құтқарушылар мен дәрігерлер батпақ кесірінен жүре алмағандықтан, жаяу келуге мәжбүр болады.

“Босану кезінде қан көп кетті. Төтенше жағдай қызметкерлері мен полицейлер, қолдарына қару алып, жас босанған әйелді айналадағы жартқыш аюлардан қорғап тұрды”, – делінген хабарламада.

Жолдың ми батпаққа айналғанынан, тіпті жол талғамайтын көліктердің өзі жүре алмаған. Сол себепті анасы мен сәбиді қолға көтеріп алып шыққан. Қазіргі таңда әйел мен сәбиінің өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Қыз 3,49 келі салмақ, 52 см боймен өмірге келген.

Талқылау