Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Таяуда ғана босанған Маржан Арапбаева сәбиін көрсетті
Әнші Маржан Арапбаева 14 желтоқсанда үшінші сәбиін дүниеге әкелді. Перзентханада жатқан әнші желіде сәбиімен бірге түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz.

Таяуда ғана үшінші сәбиін босанған әнші Instagram желісінде перзентімен бірге түскен суретін жариялады. Өз жазбасында Арапбаева өзін құттықтаған көпшілікке алғыс білдірді.
«Аллаға шүкір, тағы да ана атанып, қуанышыммен бөлісіп жатырмын. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші сіздердің баталарыңызбен осы қуанышты сәтке жеттім. Жан-жақтан келген құттықтауларыңызды оқып, бізге білдіріп жатқан ақ тілек пен ниеттеріңізге үлкен рахметімді айтамын!» – деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары Маржан Арапбаеваға бауы берік болсын айтысып, ақжарма тілектерін жаудыруда.
Еске сала кетсек, бұған дейін Маржан Арапбаеваның үшінші перзентін дүниеге әкелгенін хабарлаған едік.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық лазерлік эпиляциядан рак жасушаларын оятып алғанын айтты: Мұндай жағдай болуы мүмкін бе
Дәрігер: "Лазер термиялық зақым келтіріп, кейде күйдіруі мүмкін"