Тауықтың қиын қосады: Дәрігерлер жастар шегіп жүрген насыбайдың зияны жайлы айтты

Алматының қай базарына барсаңыз да, насыбай сататын орындарды бірден білуге болады. Темекі, шемішке, оттық сияқты заттардың жанына тығып қояды. Ал, көк базарда көк дақыл тым жасырын сатылуда. Бір ғана жерде. Онда да, көше бойындағы әжетхана ішінде саудаланады екен.

Тауықтың қиын қосады: Дәрігерлер жастар шегіп жүрген насыбайдың зияны жайлы айтты

35 жастағы Яшир есімді бұл азамат соңғы 15 жылдан бері насыбай атады. Шақшасын күніне екі реттен толтырмаса көңілі көншімейді. Әр жарты сағатта еріннің астына салуды әдетке айналдырғаны сонша, бізбен тілдесе отырып, ауызға лақтырып тұрды. Одан алатын әсерімді жеткізу қиын, дейді. Әйтеуір, басы айналып, бір сәтке ашуын басады, деп хабарлайды Евразия.

«Насыбайды атып армияда үйрендім. Одан кейін дедавшина дейді ғой. Солар мазақтап мына жерге салып мыжып, жұт деп жұтқан кездер болған. Насыбай атып ерінге салып ұйықтап қалған кездер болған» – дейді қала тұрғыны Яшир.

Яғни, насыбайдан өлсем, мен өлер ем дейді бет-жүзін жасырған Яшир. Сан рет тастауға ұмтылғанымен, онысынан түк шықпапты. Тіпті, насыбайдан арылу үшін темекі тартқан. Қымбат болған соң, көк дақылға қайта көшіпті. Себебі, аты айтып тұрған нас заттың құны – қара базарда көк тиын.

Ал, Алматыдағы Саяхат базары жабылғалы саудагер атаулы айналасындағы адам жүретін тратуардың бәрін жаулап алған. Жеміс-жидек, киім кешек, ұсақ түйектің түр-түрін табасыз. Мұнда насыбайды да жасына қарап сатып жатқан кісі жоқ. Әйтеуір саудасы жүрсе болды.

Міне, дәл қазір насыбайды 100 теңгеден сатып алдым. Бұл көк базарда әжетханада жасырын сатылғанымен, Саяхат бекетінің маңайында жайма базарға айналған жерде әр сатушының алдында сатылуда. Оның жарты келісі 600 теңге. Әшейінде, сатушыларды орнынан қумайтын полицейлер біздің камерамен жүргенімізді көріп, бәрін артқа қарай қууда.

Насыбайдың неше түрлі сорттары бар. Ұсақ, түйіршіктелген деп бөлінеді екен. Шымкенттің Абай деген жерінен әкеледі. Көбінде жастар сатып алады, дейді саудагерлер. Ағзаға зиянын білсе де, күн көрістің қамы деп ақталуда.

«Ата-бабам осы насыбайды атқан. Қырылып қалған ешкім жоқ. Басқа зиянды продукты емес. Шіріп кеткен шөптен жасайды. Шөптен. Енді ләжім жоқ. Балам жоқ асырайтын. Пенсия аламын 37 мың. Содан күн көремін» – дейді сатушы.

Насыбай жасаудың жолы тым қарабайыр. Оны көбінде оңтүстік өңірінің жұрты кәсіпке айналдырған. Темекінің жапырағын өсіреді. Оны кептіріп, ұнтақтайды. Сексеуілдің күлін не қара ағаштың смоласын қосады. Ұнтақталған қоспа бір күн тұрған соң, әктің суын араластырады. Бұнымен настың настығы шектелмейді. Бас айналдырып, ессіз етуі үшін тауықтың қиын да салады екен.

«Химиялық құрамында катьми, бензопирин никель, нитраттар және мышьяк қорғасыны бар» – дейді ҚР Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының сарапшысы Дана Әбілдинова.

Яғни, тауықтың қиы ол малдың тезегіндей емес, өте улы. Абайсызда жеген ешкі де, қой да сол мезетте қырылып қалады. Ал, әктің тиген жеріңді күйдіретін құдыреті бар. Ағаштың күлі болса, кәдімгі қоқыс. Еріннің астына атып, сілекейін жұтып, былш-былш түкіргендер осыны түсінсе, дейді дәрігерлер. Өйткені, бір атым насыбайдан көңілі қалатын қазақтың  бір атым насыбайдан ұрпақсыз қалуы әбден мүмкін деп дабыл қағуда.

«Ауыз қуысы өте қатты зақымдалады. Ас қорыту жүйесіне қатерлі. Жара пайда болады. Бүйрек пен бауыр тез зақымдалады. Бұл жерде жалпы ішкі ағзаның бәрін бұзып отыр» – дейді қалалық психикалық сауықтыру орталығының маманы Сапар Рахменшеев.

Түркіменстан мемлекеті насыбайға әлдеқашан тыйым салды. Жасырын сату былай тұрсын, он жылдан бері елге кіргізілмейді. Ал, Қазақстан 2011 жылы көк дақылдың құрамында есірткінің, психотропты заттың барын анықтады. Үш жыл бұрын заң жүзінде шектеу қойды. Біраз кәсіпкер тақырға отырды. Бірақ, ешбірі заңға бағынып жатқан жоқ, дейді заңгерлер.

«ҚР әкімшілік құқық-бұзушылық кодексінің 199-бабы бойынша насыбай сатуға тыйым 2015 жылы енгізілді. Саудагерлерге әуелі ескерту жарияланады. Кейін 5 айлық есептегіш айыппұл төлейді. Шағын және орта кәсіпкерлерге 20 айлық есептегіш айыппұлға дейін салынады. Өйткені, насыбай бәрібір темекінің бір түріне, тәуелділікке әкелетін зат» – дейді заңгер Бақтияр Ғалымжанов.

Демек, құзырлы органдардың күші күшейтілуі керек дейді адвокат. Әйтпесе, заңға салақ қарайтын саудагерлер күн көрісті сылтаурап, саудасын тоқтатпайтынын айтады.

Бір қызығы, апта ортасында қаптаған насыбай сатушы саудагердің бүгін бірі де жоқ. Екі күннен бері полицейлер Саяхат автобекетінің маңына жолатпауда екен. Сондықтан, көпшілігі тәртіп сақшылары көзбояшылықпен емес, нағыз тәртіпті орнатса, насыбайдан да құтылатын күн алыс емес дейді.

Бұл біз барып көрген санаулы ғана базар. Бір тексерістен бірнеше жері тазартылды. Тәртіп сақшыларына әжетханалар мен Алтын Орда, Барахолка сынды насыбай саудасы қызған басқа орындарды қалдырдық.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Загрузка...
Орташа айырбас бағамы
16.12.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар