Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тауықты не бұзауды соятынын келісе алмаған: Қостанай облысында ер адам өз әпкесінің басын кесіп алды

Бейсенбі, 14 маусымда, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында өз туысын қатігездікпен өлтірген 30 жастағы Құсбек Әлмағамбетовке қатысты сот үкімі шықты.

Тауықты не бұзауды соятынын келісе алмаған: Қостанай облысында ер адам өз әпкесінің басын кесіп алды

Бұл туралы «Наша газета» басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ер адам 45 жастағы Күлмар Бекбосынованы 2017 жылы 24 желтоқсанда Қарабалық ауданындағы Славенка аулында өлтіріп тастаған. Әйел күеуімен ажырасқаннан кейін, немере ағасы Құсбектің үйінде уақытша тұрып жатқан екен.

Әлмағамбетов өз аулында мал союмен табыс тауып жүрген. Сол күні әйел немере ағасымен және оның әкесімен бірге бірнеше шөлмек ішімдік ішіпті.

Түнгі сағат 22:00 шамасында олардың арасында ұрыс туған. Дауға олардың үйдегі бұзауды не тауықтың қайсын соятыны жөнінде келісе алмауы себеп болыпты. Мұнан әрі болған жағдай құдды қорқынышты фильмнен алынған дерсің.

Іс материалдары бойынша, Құсбек Әлмағамбетов әпкесінің артынан кеуде аумағына 6 рет асхана пышағын сұғып алыпты. Бұл кезде әйел әлі де тірі болған екен. Мұнан кейін ер адам оның басын кесе бастаған… Ол әпкесінің мойнын кесіп, басын денесінен бөліп алыпты.

Сотталуышының әйелі және 4 баласы бар. Олардың бәрі қанды оқиға кезінде сол үйде болған екен. Артынша әйелі балаларымен бірге мас күйеуінен тығылып отырған бөлмеден шығып, полиция шақырған.

Сотталушының қорғаушысының мәлімдеуінше, бастапқыда ол өз кінәсін мойындаған. Артынша өз сөзінен тайқып шыға келіпті.

Сот Әлмағамбетовты кінәлі деп тауып, оны 11 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, Әлмағамбетовке маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау