Тәуекел Мүсілім Жанар Дұғаловамен кездесіп жүргенін жоққа шығарды

Күні кеше қырағы паппараццидің құрығына Тәуекел Мүсілім түсті. Кезекті шаралардың бірінде, Жанар Дұғаловамен қатар байқап қалған журналистер қауымы, қос өнер иесін сан сұрақтың астына алды. Жұрттың сөзінен жалыққандықтан, Тәуекел бар шындықты жайып салуға мәжбүр болды.

Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.

Тосыннан түсірілген дәл осы кадрлар, кейін қос жұлдыздың да тыныштығын қашырды! Шетелде бейқам демалып жүрген екеуінің видеосы желіге тарап кетісімен-ақ, жұрт оларды дереу жұптастырып та үлгерді!

Алайда, кейбір қырағылар жаңа махаббат хикаясының шикілігін бірден сезген. Себебі бұл, «Clear» сусабынының сәтті жасалған пиар қадамының бірі ғана.

“Бастапқыда Жанар туралы ешкімге айтқан жоқпыз. Және сондай бір әңгіме болсын, жұрт қызықсын деп, Жанар екеуіміз кездесіп жатырмыз деп қауесет жібердік. Дегенмен, ол өзі бір ықпалын жасады. Адамдар сұрай бастады, екеуің үйленіп қойдыңдар ма деп”, – дейді Тәуекел.

Қызыққұмар көпшілік Жанар Дұғаловаға да маза бермеген.

“Әрине көптеген смстер келді маған. Қыздардан көбінесе. Көбінесе сұрақтар қойылды. Бірге жүресіздер ме, Тәуекелге тұрмысқа шығайын деп жатырсыздар ма деген”, – дейді Жанар.

Осы сарындағы сансыз сұраққа, қос жұлдыз жалғыз бейнероликпен жауап беруді жөн көрді.

 

Компания өкілдері қолаң шашты Жанармен серіктестігін келешекте де жалғасытыра бермек!

Жіберіп алмаңыз:

Арман Дүйсенов қайраткер атанғанына орай дүркіретіп той жасады (фото)

Түсіпбаева: Алагөзова тракторшы мен сиыр туралы фильм түсіре берсін, ұлттық қазынаға тиіспесін

Балғынбек Имашев өзіне тоқал іздеп жүргенін айтты

Жанболат пен Жазира бала сүю үшін ем қабылдап жүргендерін айтты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter © stan.kz

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
22.08.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Соңғы жаңалықтар