Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Тәуекел Мүсілім сүйіктісінің голливудтық актрисаға ұқсайтынын айтты
Актер Тәуекел Мүсілім сүйіктісін тапқан. Тіпті, ол серттескен сұлуы бар екенін ресми түрде мәлімдеп, үйленетінін де айтқан еді. Алайда таңдаулы аруын көпшіліктен жасырған актер ол туралы еш мәлімет бермеді.
Десе де Тәуекел сүйіктісінің голливудтық актрисаға ұқсайтынын айтып қойды, – деп жазады Cosmopolitan Kazakhstan журналына сілтеме жасап Stan.kz.
Басылым мәліметінше, Тәуекел Мүсілімнің сүйіктісі DC кинокартиналарында «Керемет әйелдің» рөлін сомдаған Галь Гадотқа ұқсайды.
Актриса Галь Гадот
Өз сөзінде актер өмірінде 3 рет ғашық болғанын жасырмады. Ол алғашқы махаббатын мектеп қабырғасында жүріп жолықтырса, мұнан кейін студенттік жылдары тағы да ғашық болыпты. Актер сүйген аруларымен қош айтысуына өзінің себеп болғанын мойындады.
“Егер уақытты қайтара алсам, бәрін басқаша жасар едім”, – дейді ол.
Айта кетсек, Тәуекел Мүсілім бұған дейін өзінен бірнеше жас кіші сүйіктісі туралы айтқан еді. Артынша оның бейтаныс арумен құшақтасып түскен суреттері пайда болды. Ал таяуда ғана актер келесі жылы шаңырақ көтеретінін мәлімдеді.