Тәуекел Мүсілім өзін “сұлу” деп атамауды өтінді
Қазақстанның секс-символы саналатын актер Тәуекел Мүсілім желідегі оқырмандарынан өзін “сұлу” деп атамауды өтінді.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Тәуекел “сұлу” сөзінің ер адамдарға қаратылып айтылмайтынын ескерте отырып, оның орнына “сымбатты” сөзін қолдануды ұсынды.
“Менің инстаграмыма жазылып жатқан пікірлердің көбі «сіз сұлусыз, т.б» деп жатады. Қазақтың сөз қолдануында ер кісіге қарата сұлу деу сәл әбестік. Ал сымбатты десеңіздер, әңгіме жоқ”, – дейді Тәуекел.
Бұл ретте желі оқырмандары Тәуекелдің қазақ тілінде ойын еркін жеткізе алатындай дәрежеге жеткенін байқап қалды. Көпшілік актердің пікірімен келісті.
Жіберіп алмаңыз:
Данагүл Темірсұлтанова: Ер азаматтар болмаса “жүнжіп” кетер едік
Айқын Төлепберген: Өзімді Мэрилин Монроға жегізе салар едім
Бақытбек Есентаев өзінің тілеуін тілеген жандарға алғыс айтты
Димаш Құдайбергеннің келесі кезеңде қандай ән шырқайтыны белгілі болды (видео)

“50 жыл басқа елде тұрған ата-анам артымнан еріп, көшіп келді”: Қазаққа келін болып түскен корейлік ару жаңа отбасы туралы айтып берді
