Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тәуекел Мүсілім үйленгеніне қатысты ақпаратқа жауап берді

Күні кеше отандық бағдарламалардың бірі Тәуекел Мүсілімнің жасырын түрде үйленіп алғанын хабарлады. Мұны естіген актердің фанаттарында маза жоқ. Алайда аталған сұхбатта Тәуекел бар болғаны болашақ жары жайлы айтқан көрінеді.

Тәуекел Мүсілім

Тәуекел Stan.kz ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында елдің күдігін тудырған сауалға жауап берді.

“Мұндай ақпарат таратқандардың ұяты бар ма өзі? Әрине, жалған. Мен үйленетін болсам бәріне белгілі болады ғой”, – деп ашуланды актер.

Иә, Тәуекел шаңырақ көтеретін болсам, оны бүкіл ел естиді, деп уәде берді. Алайда актер үйлену тойындағы суретін бірінші болып жариялауға ниетті емес. Өзім көрсетпесем де, әріптестерім бар, – дегенді алға тартады ол.

“Жариялаймын болмаса басқа өнердегі адамдардың Instagram парақшасынан көресіздер. Оны жасыру мүмкін емес қой.

Бір жерге баратын болсам, өзіммен бірге алып барамын деп айтқанмын. Бірақ бұл жерде болашақ жарым туралы айтып отырмын”, – деп түсіндірді Тәуекел Мүсілім.

Ескерту! Материалды көшіріп басуға қатаң түрде тыйым салынады!

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау