Татар имамы 126-рет ұшақтан секірді
Татар елінің Қызыл байрақ ауылындағы мешіт имамы Тимур Ибрагимов 126-рет ұшақтан парашютпен секірді.

Кезінде Ауғанстандағы соғыс қимылдарына қатысқан. Өзі әскери ұшқыш болған екен. Имам 126-рет парашютпен секіріп, өзінің әскери икемін тағы бір дәлелдеп шықты.
Алғаш рет 18 жасында парашютпен секіріп көріп, содан бері осы сүйікті спорт түрінен қол үзбеген. Дін қызметкері болып орналасқан Тимур «Жас десантшы» әскери клубының жаттықтырушысы ретінде де қосымша жұмыс жасайды.
Осы жолы Тимур Ибрагимов 14 жастағы тәрбиеленушілерді жетекшілікке ала отырып, олардың биіктіктен парашютпен секірулеріне себепкер болған.
Жіберіп алмаңыз:
Қария көзі көрмесе де таяғымен түртінектеп жүріп 40 жыл пошташы болған
Төрт жасар бала айфонның көмегімен анасын өлімнен арашалап қалды (видео)
Өмірі ауруханаға бармаған 100 жастағы ата ұзақ өмір сүрудің құпиясын айтты
Ұзақ өмір сүрудің құпиясы қымбат дәрі-дәрмек пен ерекше күтімде емес
Қазақстандық жайлы өмір үшін Занзибарды таңдаған: "Халқының жалақысы 30 мың теңге, азық-түлік Қазақстаннан екі есе арзан"
Сұлтан: “Арал президенті көршім, ол қарапайым, күзетшісіз жүреді”