Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар басқа жерге қоныстанады – Тоқаев

Мемлекет басшысы тасқын кезінде ел бірлігі нығайып, отандастырымыз бір-бірінің жанашырлығын сезгенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: zhaikpress.kz

“Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз. Біріншіден, тасқын кезінде ел бірлігі нығая түсті. Арқадағы ағайынға, Жайықтағы жұртқа бүкіл Қазақстан халқы көмектесуге ұмтылды. Апат аймағында тұратын адамдар барша отандасымыздың шынайы жанашырлығын сезінді. Екіншіден, елдің жағдайын жақсарту үшін ешкім қиындықтың келуін күтіп отырмайтыны анық, – дейді президент.

Оның айтуынша, дегенмен, мұндай апаттар біраз шаруаны шұғыл қолға алуға себепкер болады.

“Тасқын аяқталған соң кейбір ауылдар тың жерге қоныстанып, жаңадан бой көтереді. Жол салынады, су тартылады. Ауылдарымыз мүлде жаңа келбетке ие болады. Жалпы, әлемдегі үлкен дағдарыстардың қарқынды дамуға жол ашатыны белгілі. Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады”, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті сессиясында Сейсмология институтының әлеуеті күшейетінін және жаңадан су бөгендері салынатынын мәлімдеді. 

Талқылау